РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 27 – бабы 1 – тармағының 5) тармақшасына, 37 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидасының 7 – тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.
2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2014 жылғы "___" ________
Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 234 қаулысына қосымша
2014 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары
№ р/с |
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірлік құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге |
1 |
Аммиак селитрасы (N- 34,4 %) |
тонна |
50 |
28900 |
2 |
Аммофос (N- 10 %; P2О5 – 46 %) |
тонна |
50 |
45000 |