РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31–баптарына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешім мен қаулының қосымшасына сәйкес кейбір Атырау қалалық мәслихатының шешімдері мен Атырау қаласы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің орынбасарына (Г.М. Шәкірова) және Атырау қалалық мәслихатының заңдылықты сақтау, азаматтардың арыз–шағымдарын қабылдау, экология, ауылшаруашылықты дамыту, тұрғын үй, энергетика және автокөлік жолдары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Рысқалиев).
3. Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХІХ сессия төрайымы Атырау қаласының әкімі
Б. Хаменова Н. Ожаев
Атырау қалалық мәслихат хатшысы Б.Қазиманов
Атырау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1707 қаулысына және
Атырау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 228 шешіміне қосымша
Атырау қаласы әкімдігі мен Атырау қалалық мәслихатының кейбір қаулылары мен шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 281 және Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 192 "Жаңа көшелер мен өткелдерге атау беру туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-114 тіркелген, 2010 жылғы 27 сәуірдегі "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі 3, 8, 9–тармақтардағы және 5, 6 қосымшалардағы "кенттік" және "кенті" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 280 және Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 191 "Атырау қаласы мен селолық округ көшелеріне атау беру және кейбір көшелердің атын өзгерту туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-115 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі атауындағы және 8–тармақтағы "селолық" және "селосындағы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1064 және Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы № 219 "Атырау қаласындағы және селолық округтегі көшелерге атау беру, атын өзгерту және кейбір көшелер мен өткелдердің атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-123 тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі атауындағы және 8 және 9–тармақтардағы "селолық" және "селосындағы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1063 және Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы № 220 "Атырау қаласындағы, селолық округтердегі көшелер мен өткелдерге атау беру және атын өзгерту туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-124 тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі атауындағы және 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14–тармақтардағы "селолық", "селосындағы", "селосының" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық", "ауылындағы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 597 және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 276 "Атырау қаласындағы көшенің атын өзгерту және Атырау қаласына қарасты селолық округтердегі көшелерге ат қою туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-141 тіркелген, 2011 жылғы 30 маусымдағы "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі мәтінде атауындағы және 2–тармақтағы, 2 тармағының 1), 2), 3), 4)тармақшаларындағы "селолық" және "селосындағы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 705 және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 278 "Кейбір көшелер, өткелдер, тұйық көшенің және даңғылдың атауларын өзгерту туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-142 тіркелген, 2011 жылғы 9 шілдедегі "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі мәтінде 2-тармақтағы "кенттік" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
орыс тіліндегі мәтінде 2 тармақтағы "поселкового" деген сөз "сельского" деген сөзбен ауыстырылсын.
мемлекеттік тілдегі мәтінде 3 және 4–тармақтардағы "селолық", "селосындағы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық", "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 706 және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 279 "Кейбір көшелер мен өткелдердің атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-143 тіркелген, 2011 жылғы 9 шілдедегі "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі мәтінде 2-тармақтағы "кенттік" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
орыс тіліндегі мәтінде 2-тармақтағы "поселкового" деген сөз "сельского" деген сөзбен ауыстырылсын.
8. Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 707 және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 280 "Кейбір көшелер, өткелдерге және даңғылға атау қою туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-144 тіркелген, 2011 жылғы 9 шілдедегі "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі мәтінде 2-тармақтағы "кенттік" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
орыс тіліндегі мәтінде 2 тармақтағы "поселкового" деген сөз "сельского" деген сөзбен ауыстырылсын.
мемлекеттік тілдегі мәтінде 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-тармақтардағы "селолық" және "селосындағы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 708 және Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 281 "Атырау қаласындағы кенттік, селолық округтердегі және шағынаудандардағы көшелер мен өткелдерге ат қою туралы" қаулысы және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-145 тіркелген, 2011 жылғы 9 шілдедегі "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі мәтінде 14 тармақтағы "кенттік" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
орыс тіліндегі мәтінде 14 тармақтағы "поселкового" деген сөз "сельского" деген сөзбен ауыстырылсын.
мемлекеттік тілдегі мәтінде атауындағы және 15–тармақтағы "селолық" деген сөз сәйкесінше "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.