Атырау қаласындағы көшенің атын өзгерту және Атырау қаласына қарасты ауылдық округтердегі көшелерге ат қою туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 276 және Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 4 мамырдағы N 597 бірлескен шешімі мен қаулысы. Атырау облысының әділет Департаментінде 2011 жылғы 22 маусымда N 4-1-141 тіркелді

      Ескерту. Атауындағы және 2-тармақтағы, 2-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларындағы "селолық" және "селосындағы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылды - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 631-баптарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Атырау қаласындағы Новоселов көшесі Өтепқали Әлжанов көшесі болып өзгертілсін.
      2. Атырау қаласына қарасты ауылдық округтердегі көшелерге төмендегідей атаулар қойылсын:
      1) Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Томарлы-2 ауылындағы № 2 көшеге Қарақойшы Қуатов;
      2) Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Томарлы ауылындағы № 3 көшеге Елеукен Наурызбеков;
      3) Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Томарлы ауылындағы № 4 көшеге Тілек Әжіғалиев;
      4) Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала-2 елді мекеніндегі № 1 көшеге Сарбала Қадыралиев есімдері берілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қарабаеваға және қалалық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      ХХІІІ сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   Б. Қазиманов

      Қала әкімі                                 М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады