Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 299 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, аграрлық заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Сүлейменов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХІ | |
сессиясының төрағасы | Б. Жайсаңбаев |
Аудандық мәслихат хатшысының | |
міндетін атқарушы | Ү. Жақашев |
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 шілдедегі № 21-2 шешімімен бекітілген қосымша |
Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
№ | Көрсеткіштері | Бағасы, теңге (*ҚҚС-сыз) |
1 | Жеке тұлғаларға айына бір адамнан | 73,66 |
-----------------------------------------------