Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 3-4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жылыой аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) 2013 жылғы 14 маусымдағы № 13-9 "Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімі;
      2) 2014 жылғы 23 шілдедегі № 21-2 "Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2952 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамыздағы № 31 "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ІІІ сессиясының төрайымы С. Жұмағалиева
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады