Махамбет ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 03 желтоқсандағы № 613 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 3048 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 128 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Махамбет ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сейтқалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаңабаев

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 3 желтоқсан № 613 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 3 желтоқсан № 613 қаулысымен бекітілген

Махамбет ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі

      1. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер.
      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орнының түлектері.
      4. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысушылар.
      5. Елу жастан асқан тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады