Исатай ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 69 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 2905 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 70 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағын басшылыққа алып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Исатай ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Өтеғалиев

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 69 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген

Исатай ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі

      1. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелгендер.
      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орнының түлектері.
      4. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысушылар.
      5. Елу жастан асқан тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады