Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 15.12.2014 № 44 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
РҚАО ескертпесі:
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2014 жылғы 11-сәуірдегі № 112 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққора елді мекені аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Ойыл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы А. Нысановқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округінің әкімі: Е. Иғали
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері С. Тайшыбай
"30" мамыр 2014 жыл
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Қызылқоға аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы Ш. Асауова
"30" мамыр 2014 жыл