Тасшағыл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 3043 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 10 қарашасындағы № 367 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасшағыл ауылы аумағында өлген бір қасқырдан құтыру ауруына оң нәтиже беруіне байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тасшағыл ауылдық округінің әкімі М. Қуанишов
      КЕЛІСІЛДІ:
      басқармасының "Қызылқоға аудандық
      орталық ауруханасы" шаруашылық
      жүргізу құқығындағы коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері С. Тайшыбай
      "13" қараша 2014 жыл
      "Қазақстан Республикасы
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      агенттігінің Атырау облысы
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің Қызылқоға
      аудандық тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы Ш. Асауова
      "13" қараша 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады