Индер аудандық мәслихат депутаттығына № 2 сайлау округі бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 наурыздағы № 89 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 наурызда № 2871 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 09.11.2015 № 337 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, № 2 сайлау округі бойынша Индер аудандық мәслихат депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Шамұратовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Құнас
      3 наурыз 2014 жыл

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 89 қаулысына қосымша

Индер аудандық мәслихат депутаттығына № 2 сайлау округі бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

р/с
Округ атауы
Орналасатын жері
1
Индербор кенті
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Ондасынов тұйық көшесі, 3-үй, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд
2
Индербор кенті
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н. Меңдіғалиев көшесі, құрылыс 30, АБК ғимараты алдындағы стенд

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады