Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 16.09.2015 № 303-V шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат кезектен тыс ХХІІІ сессияда ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үйде оқитын мүгедек балаларға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық қамсыздандыру тағайындалсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А. Доспаева) жүктелсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы" № 197-V шешімі жойылсын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХІІІ сессиясының төрағасы Ж. Амантурлин
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров