«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 118 «Құрманғазы ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2879 санымен тіркелген, 2014 жылы 1 сәуірде аудандық «Серпер» газетінде жарияланған) қаулысының қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтінінде «селосына» деген сөз «ауылына» деген сөзбен ауыстырылсын.
Орыс тіліндегі мәтінінде «ауыл» деген сөз «село» деген сөзбен ауыстырылсын.
2.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Баракатов