Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 85 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде № 2624 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабына сәйкес Шымкент қаласы, Сайрам, Ордабасы және Төлеби аудандарының әкімдіктерінің ұсыныстарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 123 қосымшаларына сәйкес жекелеген елдi мекендер есептi деректерден шығарылсын.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Абдуллаев) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Б.Оспанов                                  Е.Садыр
      Б.Жылқышиев
      С.Тұяқбаев
      Ә.Бектаев
      А.Абдуллаев
      С.Қаныбеков
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
«10» сәуір № 85 қаулысына
1-қосымша

Сайрам ауданы бойынша есептi деректерден шығарылатын жекелеген елдi мекендер тізімі

      1. Сайрам ауылдық округі, оның ішінде ежелгі Сайрам (Исфиджаб) қалашығының қоспағанда, Сайрам, Исфиджаб, Қызыл-су ауылдары.
      2. Жаңаталап ауылдық округі, оның ішінде Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Черноводск ауылдары.
      3. Бадам ауылдық округі, оның ішінде Бадам, Орманшы, Айкөл, Ақтас ауылдары.
      4. Тассай ауылдық округі, оның ішінде Тассай, Таскен, Қызыл сай, Достық, Опытная станция ауылдары.
      5. Қаратөбе ауылдық округі, оның ішінде Абдулаабад, Базарқақпа, Тұрдыабад, Бадам ауылдары.
      6. Жұлдыз ауылдық округі, оның ішінде Қаратөбе, Қарабастау, Бадам-2, Жұлдыз, Жалын, Ақтас ауылдары.
      7. Қайнарбұлақ ауылдық округінің Қайнарбұлақ ауылы.
      8. Қарасу ауылдық округінің Мәртөбе ауылы.
      9. Ақбұлақ ауылдық округінің Шапрашты және Өтеміс ауылдары.

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
«10» сәуір № 85 қаулысына
2-қосымша

Ордабасы ауданы бойынша есептi деректерден шығарылатын жекелеген елдi мекендер тізімі

      Бадам ауыл округінің Алтынтөбе, Көкбұлақ ауылдары

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
«10» сәуір № 85 қаулысына
3-қосымша

Төлеби ауданы бойынша есептi деректерден шығарылатын жекелеген елдi мекендер тізімі

      1. Ақжар ауыл округінің Ақжар ауылы.
      2. Қазығұрт ауыл округі, оның ішінде Тоғыс, Елтай, Маятас, Жыланбұзған, Айнатас ауылдары.
      3. Кемеқалған ауыл округінің Текесу ауылы.
      4. Алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 11.09.2014 № 287 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады