«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 8 желтоқсандағы 1998 жылғы Заңының 11 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 85 «Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2624 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Төлеби ауданы бойынша есептi деректерден шығарылатын жекелеген елдi мекендер тізімі» 3 қосымшасындағы 4 тармақ алынып тасталсын.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Ә.Бектаев
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева