Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы Жетісай қаласының, Жаңаауыл және Қазыбек би ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 329 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/236-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 2891 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11- бабының 2) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданының әкімдігі мен Мақтарал аудандық мәслихатының ұсынысы негізінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Жаңаауыл ауылдық округінен 94,75 га жер, Қазыбек би ауылдық округінен 29,57 га жер, жалпы көлемі 124,32 гектар жер бөлігін қосу жолымен Жетісай қаласының, Жаңаауыл және Қазыбек би ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Ә.Бектаев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

А.Мырзахметов
А.Мамытбеков
Қ.Ержан
 
 
 
 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады