Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында құрылған төртінші ауданға атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 379 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 33/256-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда № 2906 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында құрылған төртінші ауданға «Қаратау» атауы берілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     А.Сопбеков
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Қ.Ержан
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады