Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 254 "Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 392 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 2923 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 12.06.2015 № 170 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 254 "Аудандар және қалалар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2764-нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 21 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Қ.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
10 желтоқсан № 392 қаулысына
1 – қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі


Қала мен аудандардың атауы
Межеленген егістік көлемі, мың га
Субсидия көлемі, мың теңге
1
Арыс
8,14
156 964
2
Бәйдібек
19,43
159 338
3
Қазығұрт
30,41
307 485
4
Мақтарал
121,48
2 578 004
5
Ордабасы
25,22
445 843
6
Отырар
9,02
151 095
7
Сайрам
31,03
369 253
8
Сарыағаш
27,67
1 869 035
9
Созақ
3,52
30 452
10
Төлеби
24,53
213 684
11
Түлкібас
28,58
229 675
12
Шардара
39,67
773 094
13
Түркістан
30,49
569 851
14
Шымкент
1,22
266 474
15
Кентау
0,69
17 297
 
Барлығы
401,1
8 137 544

 
  Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
10 желтоқсан № 392 қаулысына
2 – қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі


Қала мен аудандардың атауы
Тыңайтқыштар көлемі, мың тонна
Субсидия көлемі, мың теңге
1
Арыс
2,52
63324,07
2
Бәйдібек
1,66
46096,66
3
Қазығұрт
6,21
167740,78
4
Мақтарал
32,02
862157,94
5
Ордабасы
7,65
221390,57
6
Отырар
1,33
36830,16
7
Сайрам
3,30
92139,48
8
Сарыағаш
7,03
212170,65
9
Созақ
0,00
0,00
10
Төлеби
2,38
65997,82
11
Түлкібас
2,29
63478,27
12
Шардара
5,77
163468,34
13
Түркістан
3,00
83394,88
14
Шымкент
0,05
1367,78
15
Кентау
0,06
1542,57
 
Барлығы
75,27
2081100,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады