РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 және "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулыларына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандар және қалалар бойынша:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі белгіленсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 90 "Аудандар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2611 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 23 сәуірде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б.Оспанов |
Б.Жылқышиев | |
Ә.Бектаев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
Р.Исаева |
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 254 қаулысына 1-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 10.12.2014 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | Қала мен аудандардың атауы | Межеленген егістік көлемі, мың га | Субсидия көлемі, мың теңге |
1 | Арыс | 8,14 | 156 964 |
2 | Бәйдібек | 19,43 | 159 338 |
3 | Қазығұрт | 30,41 | 307 485 |
4 | Мақтарал | 121,48 | 2 578 004 |
5 | Ордабасы | 25,22 | 445 843 |
6 | Отырар | 9,02 | 151 095 |
7 | Сайрам | 31,03 | 369 253 |
8 | Сарыағаш | 27,67 | 1 869 035 |
9 | Созақ | 3,52 | 30 452 |
10 | Төлеби | 24,53 | 213 684 |
11 | Түлкібас | 28,58 | 229 675 |
12 | Шардара | 39,67 | 773 094 |
13 | Түркістан | 30,49 | 569 851 |
14 | Шымкент | 1,22 | 266 474 |
15 | Кентау | 0,69 | 17 297 |
| Барлығы | 401,1 | 8 137 544 |
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 254 қаулысына 2-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 10.12.2014 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).№ | Қала мен аудандардың атауы | Тыңайтқыштар көлемі, мың тонна | Субсидия көлемі, мың теңге |
1 | Арыс | 2,52 | 63324,07 |
2 | Бәйдібек | 1,66 | 46096,66 |
3 | Қазығұрт | 6,21 | 167740,78 |
4 | Мақтарал | 32,02 | 862157,94 |
5 | Ордабасы | 7,65 | 221390,57 |
6 | Отырар | 1,33 | 36830,16 |
7 | Сайрам | 3,30 | 92139,48 |
8 | Сарыағаш | 7,03 | 212170,65 |
9 | Созақ | 0,00 | 0,00 |
10 | Төлеби | 2,38 | 65997,82 |
11 | Түлкібас | 2,29 | 63478,27 |
12 | Шардара | 5,77 | 163468,34 |
13 | Түркістан | 3,00 | 83394,88 |
14 | Шымкент | 0,05 | 1367,78 |
15 | Кентау | 0,06 | 1542,57 |
| Барлығы | 75,27 | 2081100,0 |