Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 396 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 2936 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 438 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 28.12.2015 № 438 қаулысымен (01.01.2016 қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 238 бабының 3 тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 4 қосымшасы «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі» осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Оңтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихат хатшысы
      __________________ Қ.Ержан

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы «18» желтоқсандағы
№ 396 қаулысына 4 қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2008 жылғы «1» желтоқсандағы
№ 426 қаулысына 4 қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркемдік жетекші, мұрағат меңгерушісі, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлімінің меңгерушісі, көркемдеп қою бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, мұрағат қоймасының меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға): аккомпаниатор; әртіс; кітапханашы; редактор; режиссер; режиссердің көмекшісі; дыбыс режиссері; мәдени ұйымдастырушы; әдістемеші; барлық атаудағы суретшілер; хореограф; сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды); мұрағатшы; экскурсовод.
      4. Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші).
      5. Техникалық орындаушылар: мұражай қараушысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады