Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы N 426 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 18 желтоқсанда N 2000 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 438 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 28.12.2015 № 438 қаулысымен (01.01.2016 қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2014 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнің 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 123456-қосымшаларға сәйкес анықталсын.
      Ескерту.  1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2014 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының келісіміне, осы қаулының 1 – тармағында анықталған лауазымдардың тiзбесi енгізілсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.М. Сәдуақасоваға жүктелсiн. 

      Облыс әкiмi:                               Н. Әшімов  

      Келісілді:
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә.Досболов

Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 1 желтоқсандағы
N 426 қаулысына 1-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2014 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшының орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарынсыз.
      2. Бөлім, станция, бөлiмше секторы басшысы, филиал, орталық, сүтхана, дәрiхана меңгерушiсi, зертхана меңгерушiсi, арнайы медициналық қойма жабдықтау меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрiгерлер, акушер, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, дантист, тiс технигi, барлық атаудағы медициналық бике, маманданған медициналық бике, барлық атаудағы фельдшер, медициналық статистик, провизор, психолог, барлық атаудағы зертханашы, барлық атаудағы ассистент (көмекші) маманы, фармацевт; залалсыздандыру жұмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы; кітапханашы, тәрбиеші, жетекші, музыкалық жетекші.


  Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 1 желтоқсандағы
N 426 қаулысына 2-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2014 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшының орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарынсыз.
      2. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы дәрiгерлер, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, тiс технигi, мамандандырылған медициналық бике, барлық мамандықтағы медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, мәдени ұйымдастырушы (аккомпаниатор), зертханашы, әдістемеші, өндіріс оқыту шебері; залалсыздандыру жұмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек және қызметкерлерді дайындау жөніндегі нұсқаушы; психолог, кітапханашы, фельдшер, тәрбиеші, музыкалық жетекші. 


Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 1 желтоқсандағы
N 426 қаулысына 3-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2014 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, оқу-өндірістік меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі білім беру ұйымдарында.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалiмдер, вожатый, тәрбиешi, оқу орнының, оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы; оқу тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекшi, аккомпаниатр, концертмейстер; өндірістік оқыту шебері, әдiскер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша мамандықтағы педагог, дәрігер-психиатр, дәрігер-невропатолог, дәрігер-сурдолог, дәрігер-офтальмолог, сурдопедагог, тифлопедагог, медициналық статистик, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы, зертханашы, мұғалім – логопед, мұғалім - дефектолог.

      Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 1 желтоқсандағы
N 426 қаулысына 4-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 18.12.2014 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркемдік жетекші, мұрағат меңгерушісі, труппа меңгерушісі, музыкалық бөлімінің меңгерушісі, көркемдеп қою бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, мұрағат қоймасының меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға): аккомпаниатор; әртіс; кітапханашы; редактор; режиссер; режиссердің көмекшісі; дыбыс режиссері; мәдени ұйымдастырушы; әдістемеші; барлық атаудағы суретшілер; хореограф; сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды); мұрағатшы; экскурсовод.
      4. Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші).
      5. Техникалық орындаушылар: мұражай қараушысы.

     Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 1 желтоқсандағы
N 426 қаулысына 5-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2014 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа); филиал директоры (меңгерушiсi).
      2. Мамандар (бас, аға): оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы әдіскері; оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы; педагог-психолог; дәрігер; медициналық бике.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 8 шілде қаулысына 6-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қаулы 6-қосымшамен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2014 № 218 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттiк мекеменің басшысы және басшысының орынбасары, (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Мамандар: ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық эпизоотолог, ветеринарлық паразитолог, ветеринарлық терапевт, ветеринарлық техник, ветеринарлық санитар, ветеринарлық фельдшер, малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі оператор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады