Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін бекіту туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 166 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 3005 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмiнiң 19.12.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабының 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмiнiң 19.12.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы шешімді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Оспанов
      С.Тұяқбаев
      Б.Жылқышиев
      Б.Әшірбеков
      Р.Жексембаева
      С.Атыхаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
2014 жылғы "31" желтоқсан № 166
шешімінің қосымшасы

Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмiнiң 19.12.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмiнiң 19.12.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық iс-шаралар) өткізілетін кезде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құрамында спирті бар, салқындатылған сусындар мен тауарларды шыны ыдыстарында сатылмауын болдырмау, сонымен қатар сынатын асханалық ыдыс-аяқтар мен құралдарды қолдануына жол берілмейді.

      3. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде сауда қызметін ұйымдастыруды тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң түрде жасау.

      4. Бұқаралық iс-шаралар ұйымдастыруды өткізу барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша жауапкершілік ұйымдастырушыға жүктеледі.

      5. Бұқаралық iс-шаралар өткізілетін жерлерде сауда қызметін жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектілері қамтамасыз етеді:

      1) санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

      2) сауда ұйымдастырылатын жерлерде қажетті заттардың және құрал-жабдықтардың болуы;

      3) сауда орнынан қоқысты шығару.

      6. Іс-шара өткізілетін жерде ұйымдастырушылар, жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары (келісім бойынша) және уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде қоғамдық тәртіппен Тәртібінің сақталуына шара көреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады