Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 166 "Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмiнiң 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 15 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 21 желтоқсанда № 6424-13 болып тiркелдi

      Түркістан облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Оңтүстік Қазақстын облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарды шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 166 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3005 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін бекіту туралы";

      шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі";

      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады