Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 33/215-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде № 2625 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 2/20-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 3.05.2016 № 2/20-6с шешiмiмен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталудың қоса беріліп отырған нормалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Д.Үсенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

  Шымкент қалалық мәслихатының
2014 жылғы "20" наурыз
№ 33/215-5с шешіміне қосымша

Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары


Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Жылдық жинақталу нормасы
м3
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,7
2,0
2
Жатаханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері
1 орын
1,2
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,2
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,24
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,4
6
Емханалар
1 адам
0,02
7
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек орын
1,0
8
Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары
1 оқушы
0,06
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 тағам
1,5
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 орын
0,26
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
--
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
1,2
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
1,2
14
Азық-түлік дүкендері
Сауда алаңы 1 м2
1,2
15
Машиналардан сату
Сауда алаңы 1 м2
1,4
16
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
0,8
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,55
18
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,02
19
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,02
20
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
--
21
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,59
22
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
--
23
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,38
24
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
1,4
25
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,85
26
Гараж кооперативтері
1 гаражға
--
27
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
2,2
28
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,56
29
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,75
30
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)
1 жұмыс орны
0,55
31
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
1,15
32
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
--
33
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
--

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады