Шымкент қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 2/20-6c шешiмi

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Х.Сәрсенов
      Қалалық мәслихат
хатшысы
Н.Бекназаров

  Шымкент қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
3 мамыр №2/20-6с
шешіміне қосымша

Шымкент қалалық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 33/215-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2625 тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырдағы № 17-18 "Шымкент келбетi" газетiнде жарияланған);
      2) "Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 41/284-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2865 тіркелген, 2014 жылдың 14 қарашадағы № 46 "Шымкент келбетi" газетiнде жарияланған);
      3) "Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлерін бекіту туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 50/389-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3387 тіркелген, 2015 жылдың 6 қарашадағы № 45 "Шымкент келбетi" газетiнде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады