Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 41/284-5c шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 қарашада № 2865 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 2/20-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 3.05.2016 № 2/20-6с шешiмiмен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қаласы бойынша қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ғ.Ахметбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

  Шымкент қалалық мәслихатының
2014 жылы 7 қазандағы
№ 41/284-5с шешіміне қосымша

Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері


р/с
Атаулары
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
1
Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері
 
 
1.1
Жайлы үйлер
1 адам
102
1.2
Жайсыз үйлер
1 адам
120
1.3
Заңды тұлғалар
1 текше метр
920
2
Коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері
 
 
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
177
1 тонна
885
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
290
1 тонна
1450

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады