Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 18.12.2014 № 678 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Арыс қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі таза табыстың 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаевқа жүктелсін.
3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
С.Ертай |