Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 07.08.2014 № 867 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бәйдібек ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырмын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 15 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Т.Дәрменбаев
Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «25» ақпандағы
№ 81 қаулысына қосымша
Бәйдібек ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Дақылдар түрлері |
Егістіктің оңтайлы себу мерзімдері |
Ескертпе |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Күздік бидай |
15.10.2013ж. |
15.11.2013ж. |
Тәлімі және суармалы жер |
2 |
Жаздық бидай |
10.03.2014ж. |
01.04.2014ж. |
Суармалы жер |
3 |
Мақсары |
06.03.2014ж. |
05.04.2014ж. |
Тәлімі жер |
4 |
Жоңышқа |
15.03.2014ж. |
10.04.2014ж. |
Тәлімі жер |
5 |
Жүгері |
25.04.2014ж. |
10.05.2014ж. |
Суармалы жер |