Қазығұрт ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 313 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 тамызда № 2794 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт  ауданы әкімдігінің 20.04.2015 № 151 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексiнің (Ерекше бөлімі) 29–тарауының 1–параграфына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабы 1–тармағының 2) тармақшасына«Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы, «Мемлекеттiк мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі «Мемлекеттiк мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 49-ө өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» № 88 қаулысының 50 тармағына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазығұрт ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. «Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.А.Төлеповке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б.Д.Қыстауов

Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 1 тамыздағы
№ 313 қаулысымен бекiтiлген

Қазығұрт ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      1. Жалдау ақысы коммуналдық мүлiктiң жалға беру шарттары бойынша тиісті жергілікті бюджетке аударылады.
      2. Жылжымалы мүлiкке (құрал-жабдықтар) жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi жалға берушiмен мына төмендегi формула бойынша есептеледi:

Жа =

( Бқ * Өм) + (Ққ * Қж)

12

      Жа - мүлiктi жалдағаны үшiн айлық жалдау ақысының мөлшерлемесi, (теңге);
      Бқ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) бастапқы құны, теңге;
      Өм - Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес (жалға берушi мүлiктiк жалдауға тапсырылатын жабдықтардың жеделдетiлген өтелiмiне өтелiм мөлшерлемесiне түзету енгiзуге құқығы бар) анықталатын бекiтiлген активтер (мүлiктер) өтелiмiнiң шектi мөлшерi, пайыздар;
      Ққ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) қалдық құны, теңге;
      Қж - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi, пайыздар.
      3. Коммуналдық қызметтер және мүлiктi ұстау төлемдерi жалдау ақысына қосылмайды. Егер мұндай төлемдердi орталықтандырылған төлеу үшiн шоғырландырса, жалдаушы оларды бөлек тiкелей қызметтердi жеткiзушiге немесе теңгерiм ұстаушының есеп айырысу шотына аударады.
      4. Жалға берушi мен теңгерiм ұстаушыға жалдаушыдан жалдау ақысы және жалдағы мүлiктi ұстауға кететiн нақты шығындар төлемiнен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi көтерiлген жағдайда жалға берушi бiр жақты тәртiппен жалдау ақысын өзгертуi мүмкiн.
      6. Қазығұрт ауданының коммуналдық меншiгi болып табылатын, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге ұсынылған жылжымайтын мүлiкке жалдау ақысының мөлшерлемесi төмендегiлердi құрайды:
      1) жарғылық капиталында мемлекет 100 % қатысатын заңды тұлғаларды және коммерциялық емес ұйымдарды  орналастыру үшiн – айына бiр шаршы метр үшiн 100 (жүз) теңге;
      2) мемлекеттiк заңды тұлғалар үшiн – бiр шаршы метр үшiн 0 (нөл) теңге;
      басқа заңды және жеке тұлғалар үшiн:
      3) Аудан аумақтарында орналасқан объектiлерге бiр шаршы метр үшiн айына 300 (үш жүз) теңге;
      4) Бiлiм беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшiн бiр шаршы метрге айына - 100 (жүз) теңге;
      5) Мәдениет сарайларында, кинотеатрларда және жастар орталықтарында курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзу үшiн бiр шаршы метр үшiн сағатына 20 (жиырма) теңге.
      Қазығұрт ауданының коммуналдық жылжымайтын мүлiктiң аумақтық орналасқан жерiн ескеретiн жоғарылату коэффициентi

Объектiнiң орналасқан аумақтық жерi

жоғарылату коэффициенттерi

1

Қала, аудан орталықтарында және кенттерде

1,5

2

ауылдық жерлерде

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады