Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 38-228-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 2970 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 41-275-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтарал аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 41-275-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 17-99-V "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2343 тіркелген, 2013 жылғы 9 тамыздағы "Мақтаарал" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы";

      шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Б.Жұманов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: О.Дәндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады