Мақтарал ауданы Жетісай қаласы Байботаев көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетысай қаласы әкімінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 506 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 2927 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің Жетісай қаласы әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 36 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің Жетісай қаласы әкімінің 16.02.2015 № 36 шешімімен.
      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясының басшысының уақытша міндетін атқарушысының 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 02-03/318 ұсынысы негізінде және жануарларының жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жетісай қаласы Байботаев көшесінде иесіз иттің құтырық ауруымен ауруына байланысты Байботаев көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жетісай қала әкімінің орынбасары Б.Утановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жетісай қаласы әкімі: Ж.Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады