Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 28.11.2014 № 668 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140–бабының 2-тармағына сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі таза табыстың 45 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Сапарбаев