2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 447 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 2680 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 760 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы әкімдігінің 25.09.2014 № 760 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Аязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 наурыздан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

Сайрам ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 29 мамырдағы № 447
қаулысымен бекітілген

Сайрам ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері



Дақылдар түрі

Оңтайлы себу мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

01.03.2014ж.

25.04.2014ж.

Егістік және суармалы жерлер

2

Арпа

10.03.2014ж.

25.04.2014ж.

Егістік және суармалы жерлер

3

Көкөніс және бақша дақылдары

10.03.2014ж.

25.06.2014ж.

Суармалы жерлер

4

Картоп

10.03.2014ж.

01.07.2014ж.

Суармалы жерлер

5

Майлы дақылдар

20.03.2014ж.

01.06.2014ж.

Егістік және суармалы жерлер

6

Жоңышқа

20.03.2014ж.

01.06.2014ж.

Егістік және суармалы жерлер

7

Жүгері

15.04.2014ж.

15.06.2014ж.

Суармалы жерлер

8

Күздік бидай

01.10.2014ж.

10.12.2014 ж.

Егістік және суармалы жерлер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады