2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 6 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 ақпанда № 2529 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 59 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 09.01.2015 № 59 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 22.07.2014 № 449 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      2-1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      Ескерту. Қаулы 2-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 22.07.2014 № 449 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә.Мақұлбаев

Сарыағаш ауданы әкімдігінің
20 қаңтар 2014 жылғы
№ 6 қаулысына қосымша

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері

қ/с

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Адам саны

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қаржыландыру көздері

1

Қала, поселке, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараты

көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау

566

185 гектар

аудандық бюджет

мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату

26

30000 дана

2

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Қарулы Күштері қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағаздарын жеткізу

8

26 ауылдық округ аумағында

аудандық бюджет

3

«Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Сарыағаш ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі

жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқықты бұзуды алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп»)

150

Сарыағаш қаласы, Абай ауылы, Көктерек поселкесі және Әлімтау, Жылға, Дарбаза, Құркелес, Жарты төбе, Қабланбек, Жібек жолы, Дербісек, Жемісті, Қызылжар, Ақжар, Тегісшіл, Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Бірлік, Біртілек, Бозай, Жамбыл, Жүзімдік, Қошқарата, Ошақты, Ұшқын ауылдық округтерінің аумағында

аудандық бюджет


Жалпы


750



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады