Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 6 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 449 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 тамызда № 2778 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 59 хатымен)

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 09.01.2015 № 59 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 6 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2529 тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда «Сарыағаш» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Турдалинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Парманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады