"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
1) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Турдалинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Парманов |