Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 03.08.2022 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасары С.Д.Еденбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Аймұрзаев |