Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы "Созақ ауданының жалпы үлгідегі мектеп- интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын өтеу туралы" № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 3 тамыздағы № 207 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29068 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 296 "Созақ ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын өтеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2812 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданының әкімі М. Турысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады