Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 5/8-05 "Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы № 30/8-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 2714 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 сәуiрдегi № 13/2-06 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 14.04.2017 № 13/2-06 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 5/8-05 "Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-14-172 тіркелген, 2012 жылғы 6 шілдеде "Шамшырақ" газетінде жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Түлкібас ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
      7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М.Қошқаров
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады