Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 2805 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 08.06.2016 № 238 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.01.2015 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ізтілеуовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Абдуалиев

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.01.2015 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Аудан атауы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
республикалық бюджет есебінен
жергілікті бюджет есебінен
1
Түлкібас ауданы
5109
4279
830

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шаққанда қаржыландырудың мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.01.2015 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Барлығы
Айына бір тәрбиеленушіге кететін шығыс, теңге (көп емес)
Бала бақша 60 балаға дейін
Бала бақша 60 баладан жоғары
Мектеп жанындағы шағын орталық толық күндік
Мектеп жанындағы шағын орталық жартылай күндік
22 134
19 300
12 701
7 304

      
      Ескерту: Ғимараттар мен құрылымдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығынға қоса есептелмейді.

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 525 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы
Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
238,09
5000

      
      Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады