1. Түлкібас ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2805 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 26 қыркүйекте аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған);
2) "Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 39 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3016 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 20 ақпанда аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған).
2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.
Аудан әкімі | Қ.Абдуалиев |