Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 659 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қарашада № 2890 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 03.02.2015 № 75 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Түлкібас ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері елді мекендер аумақтарын көріктендіру және тазалау болып белгіленсін.
      2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны өтеу мекемесі болып табылсын.
      3. Ауыл округ, поселке әкімдері Түлкібас аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін тоқсан сайын сотқа ұсынcын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Қ.Абдуалиев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады