Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/7-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 2958 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 48/6-05 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 25.01.2016 № 48/6-05 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түлкібас ауданы бойынша қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     С.Скляров

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А.Сапаров

Түлкібас аудандық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 36/7-05 шешіміне қосымша

Түлкібас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

№ р/с

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Комммуналдық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1

Жайлы үйлер

1 отбасы

100

1.2

Жайсыз үйлер

1 отбасы

100

1.3

Заңды тұлғалар

1 текше метр

700

2

Коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

100

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

250

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады