Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы N 158 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 шілдеде N 3400 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы N 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.03.2016 N 85 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 2), 4) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 2-тармағына сәйкес, "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері анықталсын.
      3. Қалалар мен аудандар әкімдері "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік ұйымдары тізбесіне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншік ұйымдары тізбелерін бекітсін.
      4. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы (М. Қ. Сапарғалиев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Сақтағановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Б. Сапарбаев

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы " 16 " маусымдағы
№ 158 қаулысына
1 қосымша

2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесі

р/с


Кәсіпорынның атауы

Жекешелендіруге берілетін мемлекеттік акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшері,

%

Іске асыру мерзімі,

жыл

1

2

3

4

1

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының "Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

2

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Дарын" Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

3

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

4

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының "Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

5

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

6

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Гандбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

7

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласының волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

8

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының волейбол клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

9

Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дене шынықтыру-сауықтыру кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
2014 – 2016

10

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі "Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
 
2014 – 2016

11

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық протездік-ортопедиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
 
2014 – 2016

12

Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "ОблШығысЖол" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
 
2014 – 2016

13

"Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы
100
2014 – 2016

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы " 16 " маусымдағы
№ 158 қаулысына
2 қосымша

      Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау өлшемдері

р/с


Өлшем атауы

Иеліктен шығару түрі

1

2

3

1

Ұйым қызметіне бақылауды сақтауда мемлекет мүддесінің болмауы, оны ұстау және пайдалануға қаржылық шығындардың тиімсіздігі
Аукцион

2

Ұйымды сату мен нақты бір уақыт кезеңіне бақылау шарттарын қоюда мемлекет мүддесінің болуы
Коммерциялық
тендер

3

Қажетті ақшалай қаражат тартып, ұйымды қаржылық тұрақтандыруда (сауықтыру) мемлекет мүддесінің болуы
Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады