Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 тамыздағы N 214 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте N 3487 болып тіркелді

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Оң-Үлбі дөңбектас-құм-қиыршықтас қоспасы кен орнында Оңтүстік қапталдағы карьерге арналған жер учаскесінің тұсындағы Үлбі және Бобровка өзендерінің өзенаралығында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мыналар белгіленсін:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймақтарының аумағында арнайы шаруашылық пайдаланудың режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Д.Ә. Тілеубаев) "Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Оң-Үлбі дөңбектас-құм-қиыршықтас қоспасы кен орнында Оңтүстік қапталдағы карьерге арналған жер учаскесінің тұсындағы Үлбі және Бобровка өзендерінің өзенаралығында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған орта және су ресурстары
      министрлігі Су ресурстары жөніндегі
      комитетінің су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының басшысы

      2014 жылғы " 14 " тамыз
      Р. Сүлейменов
      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      басшысы

      2014 жылғы " 14 " тамыз
      Ғ. Сүлейменов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы " 14 " тамыз
№ 214 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Үлбі өзенінің және оның
Глубокое ауданындағы Бобровка өзені саласының су қорғау аймағы
мен су қорғау белдеуі

Су объекті сі, оның учаскесі
Қаралып отырған учаске, (шақырым)
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
 
өзеннің
жағалау сызы ғының
шекара сының ұзын дығы, (км)
алаңы, (га)
орташа ені, (м)
шекара сының ұзын дығы, (км)
алаң, (га)
орташа ені, (м)
Үлбі өзені
0,74
0,74
жағалау сызығында ішкі шекарамен шектелген
өзен аралығы үшін ортақ
520 м негізімен үшбұрыш ты нысан
0,66
2,31
35
Бобровка өзені
0,56
0,56
0,54
1,89
35
Жиыны
1,3
1,3
1,3
1,86
0,0-520
1,2
4,2
35

      
      Ескертпе:
      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Оң-Үлбі дөңбектас-құм-қиыршықтас қоспасы кен орнында Оңтүстік қапталдағы карьерге арналған жер учаскесінің тұсындағы Үлбі және Бобровка өзендерінің өзенаралығында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады