Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 213 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 01 қазандағы № 21/271-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазанда № 3503 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 38 және 11-баптарына сәйкес, "Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы № 6-6 шешімі және Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 2667 қаулысы, "Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы № 15-4 шешімі және Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 323 қаулысы, "Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 7/53-V шешімі және Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 1139 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) мынадай елдi мекендер есептi деректерден шығарылып, ауыл категориясынан шаруа қоныстары категориясына жатқызылсын:
      Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Майтерек ауылы, Төсқайың ауылдық округінің Қарағайлыбұлақ ауылы;
      2) мынадай елдi мекендер есептi деректерден шығарылып, ауыл категориясынан өзге қоныстар категориясына жатқызылсын:
      Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің Уан ауылы, Қызылкесік ауылдық округінің Шетбоғас ауылы, Кіндікті ауылдық округінің Шаң, Сарыбұлақ және Армандастар ауылдары;
      Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округінің Талды ауылы;
      3) мынадай елді мекендер шекаралары өзгертіліп:
      Күршім ауданының Майтерек шаруа қонысы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының құрамына, Қарағайлыбұлақ шаруа қонысы Төсқайың ауылдық округінің Урунхайка ауылының құрамына;
      Тарбағатай ауданының Уан қонысы Ырғызбай ауылдық округінің Жантікей ауылының құрамына, Шетбоғас қонысы Қызылкесік ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылының құрамына, Шаң, Сарыбұлақ және Армандастар қоныстары Кіндікті ауылдық округінің Кіндікті ауылының құрамына;
      Катонқарағай ауданының Талды қонысы Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылының құрамына енгізілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Сессия
Төрағасы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат
хатшысы

Ж. Жұмаханов
Б. Сапарбаев




  Г. Пинчук

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады