Абай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 21/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 3364 болып тіркелді. Күші жойылды-Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 27/3-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 08.09.2022 № 27/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 24/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы, Абай аудандық мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы

  Абай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 сәуірдегі
№ 21/5-V шешімімен бекітілген

Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту
және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі
тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау (бұдан әрі – Қағидалар), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Абай ауданының ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Абай ауданының аумағында ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Абай ауданының ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Абай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдардың, көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілді құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 24/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округі әкімінің аппаратына жіберіледі.

  Абай ауданында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу
және жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл,
көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындары өкілдерінің санын
айқындау Қағидасына қосымша

Абай ауданында жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер өкілдерінің кандидатураларының саны

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 24/4-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады