Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 06.09.2018 № 27/190-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық маслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына отын сатып алуға 10400 (он мың төрт жүз) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек мөлшері Шығыс Қазақстан облысы маслихатының шешімімен белгіленген.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Дюсембаев |
Аягөз аудандық | |
маслихатының хатшысы | Т. Бозтаев |