РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің, 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 5, 12 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес алаңдарда Малая-Владимировка ауылдық округінің Бозтал ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін, Малая-Владимировка ауылдық округінің Бозтал ауылының елді мекенінің шекарасын (шегін) белгілеудің жерге орналастыру жобасына сәйкес белгіленсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Калиновский В. Я.) жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістерді енгізсін.
3. Осы шешім және қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ. ҚАИРХАНОВ |
Бесқарағай аудандық |
Малая-Владимировка ауылдық округінің Бозтал ауылының елді мекендерінің
Экспликациясы
Жерлердің атауы |
Жалпы көлемі, |
Оның ішінде: |
||||||||
егістік, |
Оның ішінде суармалы, |
Көпжылдық екпелер, |
тыңайма, |
шабындық, |
жайылым, |
Барлық а/ш алқаптары, |
Басқа да жерлер, |
Ағашты-бұталы жерлер, |
||
Есеп бойынша жерлердің көлемі |
4413,0 |
5,0 |
- |
- |
3,0 |
- |
4270,0 |
4278,0 |
135,0 |
- |
Елді мекеннің шегіне кіреді |
1841,6 |
899,0 |
- |
- |
- |
- |
927,4 |
1826,4 |
4,2 |
- |
1. Ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер |
156,8 |
- |
- |
- |
- |
- |
156,8 |
156,8 |
- |
- |
2. Босалқы жерлер |
1684,8 |
899,0 |
- |
- |
- |
- |
770,6 |
1669,6 |
4,2 |
11,0 |
Бозтал ауылының елді мекенінің аумағы |
6254,6 | 904,0 | - | - | 3,0 | - | 5197,4 | 6104,4 | 139,2 | 11,0 |
---|