Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 04.12.2014 № 291 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі № 167 Қылмыстық кодексiнің 42–бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Бородулиха ауданында қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Атаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Г. Акулов |
Бородулиха ауданы әкімдігінің |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғаларға арналған
қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. Аумақтың мұзын тазалау.
2. Аумақтың қарын тазалау.
3. Аумақтың қоқысын тазалау.
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
5. Аумақтың арамшөбін тазалау.
6. Жас бұтақтарды кесу.
7. Ағаштарды кесу.
8. Ағаштарды ағарту.
9. Ағаш отырғызу.
10. Гүлзарларды бөлу.
11. Көгалдарды қолмен қазу.
12. Шөп шабу.
13. Ғимараттарды ағарту.
14. Ғимараттарды сырлау.