Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаcын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 27-6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 3560 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29-2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 26.01.2015 № 29-2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Быков
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулих аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
29 қазандағы № 27-6-V
шешіміне 1 қосымша

Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету
қағидасы

      Осы Тұрғын үй көмегін көрсетуқағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы", 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы", 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулыларына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпандағы № 7412 тіркелген) сәйкес әзірленді және Бородулиха ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін анықтайды.

1. Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін көрсетудің жалпы қағидалары

      1. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй көмек заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын үй ғимаратында) көрсетілетін сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, пеш жылуы, тұрғын үйді ұстау, қоқыстарды жою және лифтімен қамтамасыз ету қызметтері;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы-кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      5) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басының немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші тұлға (ары қарай - өтініш беруші);
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      7) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын, тұрғын үйге көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      8) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй–жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      4) жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша сомасы ретінде айқындалған аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстарына;
      5) Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының тоғыз пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін алу бойынша мемлекеттік қызметті Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімімен көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
      2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 9-тармағымен белгіленеді.
      Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы.
      Ұсынылған жұмыстан және жұмысқа орналасудан бас тартқан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі немесе қоғамдық жұмыстардан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлықтан, кәсіптікті жоғарылатудан дәлелсіз себептермен немесе өз еркімен халықтың әлеуметтік-әлсіз тобын белсенді формалармен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жұмысынан бас тартқан азаматтар өздерінің тұрғын үй көмегін алу құқықтарын жоғалтады.
      5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз бола алатын мән-жайлар, сондай-ақ оның дұрыс есептелмеген жағдайлар туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындағанда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      9. Өтініш берушімен тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соққан жалған мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайда, тұрғын үйге көмек төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмек алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері ұсынатын мәліметтер бойынша жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді
пайдалану нормативтері

      11. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормативтер ескеріледі:
      1) алаңдар нормасы:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 ш. м,
      екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 36 ш. м,
      үш немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш. м, бірақ 38.52 ш. м аспауы керек;
      2) көгілдір отын шығындары:
      - орталық газбен жабдықтау үйлерінде тұратын отбасылар үшін – бір адамға айына 5,5 кг;
      - жер үй-жайларда тұратын отбасылар үшін – айына бір баллон;
      3) электр энергиясы жүйесін пайдалану нормасы:
      жалғыз тұратындар үшін - 72 кВт,
      екі адамнан тұратын отбасылар үшін - 114 кВт,
      үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 50 кВт әрқайсына.

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасы)жиынтық табысын
есептеу реті

      12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасы) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы құрылыс пен тұрғын үй жөндеу шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпандағы № 7412 тіркелген) есептеледі.

5. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын аз
қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      13. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады.
      14. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг, алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      15. Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      16. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй жайларда қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      17. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының (көмірдің құны) барлық нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      18. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде отбасы көмірді сатып алған бағаға қарамастан (факті бойынша) алынған көмірдің мөлшерін көрсететін есепті (немесе басқа құжатты) тапсырады.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мен төлеу

      19. Тұрғын үй көмегін аудандық бюджет қаражаттарының есебінен ақшалай төлем түрінде беріледі.
      20. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші денгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

  Бородулих аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
29 қазандағы № 27-6-V
шешіміне 2 қосымша

      Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
      1) Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-5-V "Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 23 қантардағы 2838 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 10, "Пульс района" газетінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 10 сандарында жарияланды);
      2) Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-7-V "Бородулиха ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-5-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 29 сәуірдегі 3279 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетерінің 2014 жылғы 9 мамырдағы № 35, "Пульс района" газетінің 2014 жылғы 9 мамырдағы № 36 сандарында жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады